ҰЛЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ҰЛЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Бүгін Достық үйінде Қазақстан Республикасының
еңбек сiңiрген қызметкерi, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық ғылымдар академиясының, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы аналар Кеңесiнiң төрағасы, 23 жыл бойы елiмiзге танымал оқу орны Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжiн басқарған ұстаздардың ұстазы, Орал гуманитарлық-техникалық колледжiнiң құрылтайшысыШалқыма Хайроллақызының мерейлі 75 жасқа толған туған күніне орай “Өмірі - өнеге, өнегесі өмір” атты кеш өтті.

Салтанатты кешке Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков арнайы барып, Шалқыма Хайроллақызын мерейлі жасымен құттықтап, ұлағатты ұстазға сый-құрметін көрсетті.