Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Орал қаласы әкім аппаратының ұйымдастару-бақылау жұмыстары бөлімінің басшысы лауазымына Жангерей Әліби Алмазұлы тағайындалды.

Жангерей Әліби Алмазұлы 1993 жылы Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы, Қазталов ауылында дүниеге келеген. Білімі – жоғары, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «техника және технология» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қазталов ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісінің нұсқаушысы болып бастаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы, Казталов аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші маманы, Казталов ауданы әкімі аппараты ұйымдастару-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы, бас инспекторы.

2019 жылдың қазан айынан бастап күні бүгінге дейін Орал қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.