Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және
дәстүрлі «Қала күні – 2021» мерекесі қарсаңында «URALSK FASHION WEEK» сән көрсетілімі өтті.
Сән қойылымында Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де сән үлгісін ұсынып жүрген
Өзбекстан республикасы, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал қалаларынан, атап айтсақ
Брендбай Жамиля және Рахима Қайырғалиқызы (Орал қаласы),
Жамила Утепқалиева, Чинара Эльмұратқызы(Алматы қаласы),Әсел Сағи (Ақтау қаласы) Самира Амангелді (Орал қаласы, жас дизайнер), Сабина Күнкей(Ақтөбе қаласы), Гули бренд (Орал қаласы),Бота Collection (Орал қаласы)
Азиза Биссан (Орал қаласы),Art by Sofia (Өзбекстан) сынды
дизайнерлер, өз сән үлгілерін қаламыздың мерекесіне тарту етті. Сән көрсетілімінде ұлттық нақыштағы киімдерден бастап, арнайы костюмдер, балалар формасы, іскер әйелдер киімдерінің топтамасы және қыз-келіншектердің қиялындағы кешкі көйлектер топтамалары таныстырылды.
Шара барысында Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ерсайынұлы құттықтау сөз сөйлеп, дизайнерлерді және шараның өтуіне қолдау білдірушілерді Орал қаласы әкімі А.Шыныбековтың атынан алғыс хаттармен марапаттады.