«Батыс су арнасында» жаңа басшы

«Батыс су арнасында» жаңа басшы

Орал қаласының ТҮКШЖКжАЖ бөлімі басшысының бұйрығымен «Батыс су арнасы» ЖШС директоры болып Ануар Аркенов тағайындалды. Бүгін Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй коммуналдық мекемеге арнайы барып, жаңа директорын ұжымға таныстырды.

Ануар Бөкенұлы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін жылуфизик инженері мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қарағанды, Теміртау қалаларындағы сумен қамтамасыз ету бойынша коммуналдық мекемелерде қарапайым маманнан бастап, басшылық қызметтерде еңбек еткен.

Мирас Рүстемұлы жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеп, алда тұрған міндеттерді жемісті атқаратынына сенім білдірді. Өз кезегінде Ануар Аркенов облыс және қала басшылығының қолдауына алғысын білдіріп, мақсатты жоба-жоспарларды жүзеге асыруға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Мұнан соң қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй коммуналдық мекеменің бөлімдерін аралап, жұмыстарымен танысты. Қызметкерлермен тілдесіп, негізгі мәселелерді тыңдап, оларды шешу жолдарын талқылады.