Қала әкімінің орынбасары Ерлан Галиевтің төрағалығымен Орал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс Орал қаласында балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.

Жұмыс барысында Жайық өзенінің жағалауына рейд жүргізілді, онда балалармен және ересектермен қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, қалалық жағажайлар мен халықтың стихиялық шомылу орындарын тексеру жүргізілді.

Мұнан соң БҚО ТЖД Орал қаласының ӨСжАҚЖҚ «Жедел-құтқару жасағының» орталық базасында жұмыс кеңесі өтті, онда қолданыстағы жоспарлар шеңберінде қабылданатын судағы балалармен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша шаралар кешені, жұмыс тиімділігін арттыру жолдары, сондай-ақ жағажайлардың, саяжай алқаптарындағы жағажай аймақтарының жұмыс істеу проблемалары және оларды шешу бойынша нақты қадамдар талқыланды. Жиналғандар COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралу кезеңінде шектеулерді сақтауға ерекше назар аударды.

Отырысқа комиссия мүшелерімен бірге мәслихат депутаттары, Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы, БҚО ТЖД сүңгуір-құтқару бөлімшесі, полиция, білім, ішкі саясат, кәсіпкерлік, спорт, жер қатынастары бөлімдерінің өкілдері, жеке кәсіпкерлер, жағажай иелері, еріктілер, медицина қызметкерлері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Аталған бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасады.