Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаламыздағы жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын басшыларымен кездесу өткізді

Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков  қаламыздағы жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын басшыларымен кездесу өткізді

Жиында шаһар басшысы өңіріміздің қызыл аймаққа енуіне байланысты тұрғындар арасында коронавирус инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қоғамдық көліктерде санитарлық талаптарды сақтауға шақырды. Абат Абайұлы жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелердің басшыларына қоғамдық көліктерді дезинфекциялау, кондукторлар мен жүргізушілердің өздері бетперде режимін сақтап, жолаушыларға да ескерту жасауы қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ қала әкімі жолаушы тасымалымен айналысатын тиісті бөлімге санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау жөнінде тапсырмалар жүктеді.