Меню
Страницы
Документы
Контакты
Пресс-центр
Аппарат акима
Деятельность
Контакты
Пресс-центр
Документы
Деятельность
О департаменте
gov@nitec.kz

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні аясында қала әкімі Абат Шыныбеков түрлі додаларда жүзден жүйрік шығып, мыңнан тұлпар атанған оқушылармен кездесті

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні аясында қала әкімі Абат Шыныбеков түрлі додаларда жүзден жүйрік шығып, мыңнан тұлпар атанған оқушылармен кездесті

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні аясында қала әкімі Абат Шыныбеков түрлі додаларда жүзден жүйрік шығып, мыңнан тұлпар атанған оқушылармен кездесті. Оқушылар сарайында ұйымдастырылған бұл кездесу барысында қала мектептерінің технологтары дайындаған «Сәулетті ғимараттар сыр шертеді» макеттер қалашығы таныстырылды.

Кездесуде қала басшысы Абат Абайұлы алдымен балаларды халықаралық мерекемен құттықтады. Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттап, таудай болып шығатын шәкірттердің сапалы білім алуы үшін мемлекет бар мүмкіндікті жасап отырғанын атады. Алға қойған мақсатқа жету үшін ең бастысы – жігер, күш-қайрат қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ үздіксіз оқу, ізденістің нәтижесінде қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқау-олимпиадаларда жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларға ықыласын білдіріп, алғыс хат табыс етті. Сонымен қатар шәкірттерге қала әкімінің естелік сыйлығы ұсынылды.

Кездесу барысында оқушылар айналысып жүрген ғылыми жобалары, болашаққа жоспарлары туралы бөлісті.
Шара аясында таныстырылған ғимарат макеттері қатарында Оралдағы тарихи нысандар және технология пәні мұғалімдерінің қиялдарынан туған үлгілер бар. Мәселен, бүгінде «Орал» халықаралық әуежайының құрылысы жүріп жатқанын ескерген ұстаздар өздерінің идеяларымен макет дайындаған. Сол секілді «Ақжайық» шағынауданына қатынайтын көпірді де қазақы оюлармен үлгілеген. Болашақта салынар мешіттің үлгісі де ұстаздар назарынан тыс қалмаған. Қала басшысы технолог-ұстаздардың еңбегіне айрықша баға беріп, осы орайда қаланың келбеті, бос кеңістіктерді жайлы орынға айналдыру мақсатындағы жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар ұсыныстар да күтілетінін жеткізді.
Макеттер алдағы уақытта «Атамекен» балалар-жасөспірімдер орталығына қойылмақ. Сонымен қатар қала әкімі жылма-жыл үлгілерді көбейтіп, арнайы мемориалды кешен ұйымдастыруды ұсынды. Бұл қаланың тарихына, архиектурасына қызығушылық танытқандардың қаланың кешегісі мен бүгінгісін және болашағын бір жерден көруге мүмкіндік береді.

Дата публикации
02 июня 2021
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Facebook
Instagram
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Виртуальная Приемная
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК