Меню
Страницы
Документы
Контакты
Пресс-центр
Аппарат акима
Деятельность
Контакты
Пресс-центр
Документы
Деятельность
О департаменте
gov@nitec.kz

Оралда «Атамекен» комьюнити орталығы ашылды

Оралда «Атамекен» комьюнити орталығы ашылды

Оралда «Атамекен» комьюнити орталығы ашылды. Орталықтың ғимараты бұрынғы аула клубы орналасқан нысан. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Орал қаласының әкімдігінің қолдауымен ағымдағы жөндеуден өтіп, комьюнити орталық ретінде ашылып отыр. Жаңарған орталықтың салтанатты ашылуына  шаһар басшысы Абат Шыныбеков қатысты.
– Бүгін Орал қаласында балаларды қорғау күніне орайластырылған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі  қаламыздың тарихи орталығында «Атамекен» комьюнити орталығының салтанатты ашылуына куә болып тұрмыз. Бұл балалар клубы ретінде өткен ғасырдың 70 жылдары құрылып, мақсатына сәйкес жас ұрпақты тәрбиелеуде, балалардың шығармашылығын шыңдауда жұмыс жасап келеді. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы – балаларымыз. Мемлекеттің басты мүддесі – біздің балаларымызға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, денсаулықтарын сақтау. Денсаулықты сақтау – өзімізді қорғаудан, түрлі шараларға қатысу, табиғат аясындағы демалыстарды ұйымдастыру. Бұл жұмыстарды жүргізуде балалар аула клубтарының, мәдени-ағарту саласы қызметкерлерінің өлшеусіз еңбегін атап өту қажет. Соның арқасында балғындарымыз жан-жақты дамиды. Жаңа орталық балаларымызға шаттық сыйласын, – деді Абат Абайұлы.
Аула тұрғыны Нұрғали Демесінұлы нысанды жаңартып, мерекеге орай сый жасағаны үшін қала әкімдігіне, мәдениет қызметкерлеріне алғысын білдірді. Үйірмелердің  тәрбиеленушілері өнерлерін көрсетіп, қала әкімімен бірге тілек шарын ұшырды.
Ғимаратта көрнекіліктер жаңаланып, үйірмелерге қажетті жабдықтар алынған. Өнер орталығында асық ату, сурет, вокал, көркемсөз үйірмелері жұмыс жасайды. Сонымен қатар енді Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығы аясында Мұхит сыныбы ашылып отыр. Үш жүзден ән оздырған сал Мұхиттың ән-күйлерін әнші-термеші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Еңбек ері» медалінің иегері Сағдат Рахметжанов үйрететін болады.
Айта кетейік, Оралда қалалық мәдени-ағату бірлестігіне қарасты 22 ұйым бар. Олардың 19-ы – аула клубы. Осы аула клубтары заманға сай өзгеріп көшіп, комьюнити орталықтары ретінде ашылуда. Бірлестік директоры Серік Тоқмамбетовтың айтуынша, бүгінде бес аула клубы комьюнити орталыққа айналған. Яғни енді балалар ғана емес, егде жастағы тұрғындар да орталыққа келіп бос уақыттарын өткізе алады.

Дата публикации
01 июня 2021
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Facebook
Instagram
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Виртуальная Приемная
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК