Қала әкімі Абат Шыныбеков Желаев селолық округінің тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі Абат Шыныбеков Желаев селолық округінің тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі Абат Шыныбеков Желаев селолық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындар қоғамдық көлік мәселесін сөз етті. Атап айтқанда, №14 және 38 автобустардың санын көбейту және жүру уақытын өзгертуді сұрады. Сондай-ақ тұрғындар округке мәдениет үйі қажет екенін жеткізді. Кездесуде әлеуметтік киоск орнату мәселесі де қозғалды. Жергілікті тұрғындар қала әкіміне жаңадан салынып жатырған балалар ойын алаңы үшін ризашылықтарын білдірді.

Қазіргі таңда аталған селолық округте 48 пәтерлік тұрғын үй бой көтеруде. Былтыр Желаев көшелерінің жарықшамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары басталған болатын. Биыл аталмыш жұмыстар аяқталып, ескі жарықшамдар түгел ауыстырылды. Енді жарығы жоқ Қоныскерей көшесіне жарық орнату жоспарланған. Бұдан бөлек, Желаевтағы Бірлік, Көпбергенов, Қоныскерей көшелеріне жаяу жүргінші жолдары салынады.

Кездесу қорытындысы бойынша шаһар басшысы селолық округ әкімі мен тиісті бөлімдерге көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.