Қала әкімі Абат Шыныбеков Деркөл кентіне қарасты Ветелки, Новостройка ауылдары мен Көкжиек шағын ауданында болып, тұрғындармен жүздесті.

Ветелки ауылының тұрғындары қала әкіміне жол салу мен қоғамдық көлік мәселесінің өзекті екенін жеткізді. Шаһар басшысы аталған ауылға жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатқанын атап өтсе, қоғамдық көлік мәселесін реттеуді сол жерде орынбасарына тапсырды. Былтыр кездесуде тұрғындар Ветелки ауылына ұялы байланыс орнату, балалар алаңын салу, көше жолдарын жөндеу, балалар клубы жұмысын жандандыру туралы ұсыныстар көтерген болатын. Бүгінде бұлардың барлығы шешімін тапқан. Енді ауыл тұрғындары мектепке дейінгі ұйым мәселесін шешуді сұрайды.

Кездесуге жиналған Новостройка ауылының тұрғындары қала әкіміне мал жайылымына қатысты сұрақтарды қойды. Бұдан бөлек, олар ауылға жол салуды және балалар ойын алаңын орнатуды сұрады. Тұрғындардың айтуынша, ауылда интернеттің жылдамдығы да баяу.

Абат Шыныбеков көтерілген мәселелердің күн тәртібінен түспейтіндігін айтып, барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша тиісті мекемелерге міндеттер жүктеді.

Қала басшысы әр кездесуден кейін жергілікті жердегі әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жай-күйімен танысты.