Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков жауапты сала мамандарымен бірге қала көшелерін аралап, бірқатар нысандарда болды.

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков жауапты сала мамандарымен бірге қала көшелерін аралап, бірқатар нысандарда болды.

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков жауапты сала мамандарымен бірге қала көшелерін аралап, бірқатар нысандарда болды.

Шаһар басшысы алдымен Шолохов көшесінің бойындағы кәсіпкерлік объектілерінің абаттандырылуын тексерді. Қаланы аралау барысында санитарлық тазалықты сақтамаған, абаттандыру ережесіне сәйкес келмейтін бірқатар нысандар анықталды. Қала басшысы объектілердің иелерімен тілдесіп, оларға кемшіліктерді қысқа мерзімде түзеу қажеттігін жеткізіп, ғимараттар алдын тазалау, қасбеттерін реттеу, аумақты абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Мұнан соң қала әкімі Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы алаңын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер «Жасұлан флора» ЖШС алаңды көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Былтыр алаңға 2427 дана ағаш, 3744 дана көшеттер, 5500 дана көпжылдық гүлдер, 9480 дана біржылдық гүлдер отырғызылған болатын. Биыл да «Ағаш кесуге рұқсат алу» туралы мемлекеттік қызмет негізіндегі келісімшарт бойынша өтемдік ағаштарды отырғызу жұмыстары жалғасты.

Сонымен қатар аталған алаңда жүгіру жолы салынуда. Ұзындығы 983 метр болатын жолдың құрылысын «Орал құрылыс» ЖШС жүргізуде. Абат Абайұлы кент әкімі мен құзырлы бөлімдердің басшыларына аталған жұмыстардың сапалы жүргізілуін қадағалауды тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ қала әкімі Абат Шыныбеков Жақсы ауыл шағын ауданында болып, «Ат спорты-демалыс аймағы» жобасымен танысты. Аталған жоба жеке инвестиция есебінен жүзеге асуда. Құрылысын жүргізіп жатқан «Батыс Сервис Плюс» компаниясының директоры Нұржан Айтмағамбетов қала басшысына жоба аясындағы жұмыстарды мәлім етті.