Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Ұлы Жеңіс күні — қасиетті де қастерлі, мәртебелі мейрам. Бәріміз үшін бұл мерекенің маңызы зор екені айқын. Бұл күн — Жеңістің басты негізіне айналған майдангерлердің ерлігі мен тылда тынымсыз еңбек еткен жандардың ортақ жеңісі.
Биыл күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алауға» және қаладағы басқа да ескерткіштер мен монументтерге гүл шоғын қою рәсімі мен салтанатты жиын өтпейтіндігін хабарлаймын. Атаулы мерекеге арналған шаралар қашықтан, онлайн форматта ұйымдастырылуда. Бұл — ардақты ардагердеріміздің және барша қала тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін қабылданған шешім. Алайда бізге бейбіт күнді сыйлаған аталарызды, әкелерімізді еске алып, рухтарына бас иіп, тағзым ету — қашан да парызымыз боп қала бермек.
Отан үшін от кешіп, Ұлы Жеңіске үлес қосқан ардагерлеріміз әрдайым құрметке лайық. Мемлекетіміз оларды қолдау үшін барлық жағдайды жасауда.
Барша ардагерлердің отбасында амандық, жақсылық болсын!

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков