Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 30 сәуір күні Н.Назарбаев даңғылы бойынша сағат 9:00-13:00 аралығында Сарайшық көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін және сағат 14:00–18:00 аралығында Досмұхамедов көшесінен Карев көшесіне дейін жол таңбалау жұмыстарының жүргізілетіндігін хабарлайды.

Осыған орай, сағат 9:00-13:00 уақыт аралығында № 5, 6, 10, 22, 35, 43,45 қоғамдық көліктерінің қозғалысы Досмұхамедов көшесі, Есқалиев, Сарайшық көшесі арқылы, сағат 14:00–18:00 аралығында № 5, 22, 35, 43, 45 қоғамдық көліктерінің қозғалысы Карев, Есқалиев, Досмұхамедов көшелері арқылы, кері бағытта Досмұхамедов, Есқалиев, Дәулеткерей арқылы жүргізіледі. №3, 3к, 7, 39 қоғамдық көліктерінің қозғалысы, Дәулеткерей, Қасым Аманжолов, Қайрат Жұмағалиев көшелері арқылы кері бағытта, Досмұхамедов, Есқалиев, Дәулеткерей көшелері арқылы және әрі қарай бекітілген сұлбалары бойынша жүзеге асырылады. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!