Бүгін қала әкімі Абат Шыныбеков этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

Бүгін қала әкімі Абат Шыныбеков этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

Шаһар басшысы қатысушыларды келе жатқан 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
«Біздің қаламыз — Қазақстандағы көпұлтты қалалардың бірі. Мұнда ғасырлар бойы бейбітшілік пен келісімде, достық пен өзара түсіністікте түрлі этностар өмір сүруде. Қаладағы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесуді көптен бері жоспарлап едік. Бүгін осындай басқосудың сәті түсіп отыр. Қаланың одан әрі өркендеуіне қатысты ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді тыңдауға дайынбыз», — деді Абат Абайұлы.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Галиев алдағы уақытта жүзеге асыру жоспарланған «Достығымыз жарасқан» жобасын, оның негізгі бағыттарын қатысушыларға таныстырды. Мұнан соң «ашық микрофонға» кезек беріліп, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қала әкімімен қаланы абаттандыру, көгалдану, санитарлық тазалық, көше жолдары, саябақтар мен алаңдарға қатысты мәселелер хақында пікір алмасты.

Кездесу соңында шаһар басшысы Абат Шыныбеков алдағы мерекеге орай қатысушыларға құттықтау хат пен гүл шоқтарын табыс етті.