ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Б.Мусин Зашаған кентіндегі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан «Ашық әкімдіктің» филиалын аралады

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Б.Мусин Зашаған кентіндегі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан «Ашық әкімдіктің» филиалын аралады

Аталған филиал былтыр қаңтар айында ашылған болатын. Мұнда қала әкімі аппаратының кеңсесі, жер қатынастар бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне қатысты мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар қосымша кеңес беру бұрыштары да ашылған. Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығының, Отбасы банкінің кеңесшілері мен жер және тұрғын үй кезегі бойынша кеңесшілер қабылдайды.