Баршаға ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, тынымбақтарды ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау, сауда және бизнес объектілеріндегі қасбеттерді күтіп ұстау, аумақты абаттандыру және сыртқы жарнамалар орналастыру бойынша құқық бұзушылықтар жиі анықталуда.

Бүгінгі күнге дейін қоқыс қалдықтарын арнайы орындарға тастамай, шаһар тазалығына жауапсыз қарағандар арасында 79 құқық бұзушылық орын алды. Сондай-ақ қалалар мен елді-мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзған 19 факті анықталды.
Мұндай фактілер анықталған жағдайда алдымен ескерту беріледі. Егер ескерту орындалмаған жағдайда әкімшілік жаза қолданылады.