Сенбіліктерді өткізу үшін қала сызбалық түрде жауапты 20 учаскеге бөлініп, әкімдік тарапынан жауапты тұлғалар бекітілді.
Осы мақсатта күн сайын Орал қаласындағы әлеуметтік нысандар, ғимараттар мен бизнес объектілер, кафе-бар, банк, шаштараз, автожөндеу және жуу орындары т.б нысандарға өздеріне тиесілі және оған іргелес аумақтарды қалыпқа келтіру және сенбіліктер ұйымдастыру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сенбілік жұмыстарына бей-жай қарап, айналасын тазалап жинамаған кәсіпкерлерге анықталған кемшіліктер бойынша ескертулер берілді.