Сегодня, в первый день весны, при поддержке отдела культуры и развития языков города Уральска, городским парком культуры отдыха был организован конкурс на создание гнезда под названием "Қанаттың Достар қамқормыз" и написание эссе на тему " Менің қанаттың Достар»

Сегодня, в первый день весны, при поддержке отдела культуры и развития языков города Уральска, городским парком культуры отдыха был организован конкурс на создание гнезда под названием "Қанаттың Достар қамқормыз" и написание эссе на тему " Менің қанаттың Достар»

Бүгін, көктемнің алғашқы күні Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, қалалық мәдениет демалыс саябағының ұйымдастыруымен «Қанатты достарға қамқормыз» атты ұя жасау және «Менің қанатты достарым» тақырыбындағы эссе жазу байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың экологиялық білімін арттыру, қоршаған ортаға деген қамқорлығын күшейту, қол еңбегін дамыту, шығармашылығына қолдау көрсету, саябақ аумағына ұяларды көптеп орналастыру.
Байқауға қала мектептерінің оқушыларынан 235 өтініш келіп түскен. Солардың 150-ден астамы «Менің қанатты достарым» тақырыбына эссе жазып, 60-тан астамы ұя жасау байқауына қатысты. Байқау «Ең үздік эссе», «Ең әдемі ұя» және «Ең үздік таныстырылым» аталымдары бойынша өткізілді. Байқауға өңірімізге белгілі журналист,«Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Қазбек Құттымұратұлы, БҚО мәслихатының депутаты Әсел Қажиахметқызы, БҚО ҚХА жанындағы «Достық» клубының жетекшісі Талғат Чудобаев төрелік етті.

Нәтижесінде «Ең үздік ұя» аталымы бойынша Ислямова Айзура (№33 ЖОББМ), «Ең үздік таныстырылым» аталымы бойынша Исмагулов Әділет (№46 ЖОББМ),
«Ең үздік эссе» аталымы бойынша Мурзагельдиева Құлпынай (№5 ЖОББМ) мен Ахмадуллина Диана (№21 ЖОББМ) жүзден жүйрік деп танылып, бірінші орынға ие болды. Барлық жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.