Бүгін қалада қысқы маусымның аяқталуына орай шаңғы жүгірісі ұйымдастырылды.

Бүгін қалада қысқы маусымның аяқталуына орай шаңғы жүгірісі ұйымдастырылды.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткен шарада 100-ден аса адам шаңғы тепті.
Шаңғы жүгірісіне қала әкімі Абат Шыныбеков те қатысты.
«Дені сау ұрпақ тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасау — басты міндеттеріміздің бірі. Осы орайда бүгінгідей спорттық шаралардың маңызы зор. Қысқы маусымның аяқталуына байланысты шаңғы жүгірісін ұйымдастырудамыз. Шараға әртүрлі жастағы қала тұрғындары қатысуда. Белсенділік танытқаны үшін қатысушыларға ризашылық білдіремін», — деді шаһар басшысы.
Шаңғы жүгірісінің соңында белсенділер марапатталды. Шарада арқа бұлшық еті атрофиясы диагнозы қойылған бүлдіршін — Эмир Шахмаровқа көмек жиналды.