Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс машиналарын жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу

Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс машиналарын жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/269 бұйрығымен бекітілген тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап - тексеруден өткізу қағидаларына сәйкес Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде тіркеуде тұрған барлық техникалар жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізіледі.
Техникалардың санын нақтылау, пайдалану және техника қауіпсіздігі талаптарын бұзуды, қоршаған ортаға әсер ететін ақауларды болдырмау үшін техникалық байқау кезінде техника құжаттарының дұрыстығына,өрт қауіпсіздігінің сақталуына, техникалық ақауларының болмауына басты назар аударылады.
Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар:
Жеке және Заңды тұлғалар үшін:
1) Нысан бойынша өтініші;
2) машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт).