Бүгін Орал қаласы әкімдігінде мекеме мен ұйымдардың аумағын абаттандыру және аумағын қардан тазарту жұмыстары бойынша жиын өтті.

Бүгін Орал қаласы әкімдігінде мекеме мен ұйымдардың аумағын абаттандыру және аумағын қардан тазарту жұмыстары бойынша жиын өтті.

- Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда жаңа қосымша бағдарлама әзірлеудеміз. Бұл платформа әр кәсіпкерде болуы қажет. Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында біз кәсіпкерлерге өзіне тиесілі аумақты қардан тазарту қажеттілігі жөнінде хабарлама жолдаймыз, - деді Орал қаласының әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй.

Осы бағытта қазіргі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мониторинг тобы мен жергілікті полиция қызметі рейдтік шаралар жүргізуде.

Сондай-ақ бөлім басшыларына тазалықты сақтауға қажетті шаралар енгізіп, ғимараттар маңайындағы аумақты тазалау бойынша тапсырмалар берілді. Сонымен қатар қаладағы ірі кәсіпорындар басшыларына ақпараттық хат жолдау тапсырылды.