Қала көшелеріндегі мұздақтарды жою және жолдардың тайғанақтығын болдырмау үшін тайғаққа қарсы материалдар пайдаланылуда. Тайғаққа қарсы өңдеу және мұздарды ою жаяу жүргіншілер жолдарында, аялдамаларда жүргізіліп жатыр.
Қала көшелерінен коммуналдық қызметшілер 190 мың текше метр қарды полигондарға шығарды. Бұл жұмыстарға 153 техника, 320 қызметші жұмылдырылған.