Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді

Шаһар басшысы №42 "Ақ ниет" гимназиясында орналасқан №454 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Қала әкімі бүгінгі саяси оқиғаның маңыздылығына тоқталды.
- Бүгін Қазақстан Республикасы үшін, егемен еліміз үшін тарихи маңызды күн. Бәріміздің басты мақсатымыз - өзіміздің болашағымыз үшін, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне осы сайлауда дауыс беру. Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиісті әрі нақты мемлекеттік бағдарламалардың қабылдануына, ел дамуына, әлеуметтік-саяси мәселелердің дұрыс шешім табуы үшін өз дауысымызды беріп жатырмыз. Сондықтан бүгінгі әр сайлаушының дауысы өте маңызды, - деді.

Бүгін Орал қаласы бойынша барлығы 123 сайлау учаскесі ашылып, таңғы сағат 07:00-ден бастап сайлаушыларды қабылдауда.