
Орал қаласында, кент және селолық округтерде 2020-2021 жылғы қысқы маусымда өңір тұрғындары үшін 40-қа жуық конькимен сырғанауға арналған мұз айдындары жұмыс жасайтын болады. «Орал» спорт клубының теңгеріміндегі 12 хоккей алаңында мұз айдындарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, Строитель ш/а 43, Ихсанов көш. 87, Матросов көш. 52, 54, Құрманғазы көш. 150, Н.Назарбаев даңғылы 203, Ларин көш. 10, 5 ш/а 5-7 үй, 6 ш/а 66 үй мекенжайлары бойынша және «Орал» спорт клубы, қалалық мәдениет және демалыс саябағы Шаған өзенінің оң жағалауында мұз алаңдары құйылып, қазіргі уақытта аталған орындар қала тұрғындары үшін конькимен серуендеуге ашық. Құс фабрикасы және Зашаған кенті Балауса ш/а Қалменов/Жұмыр-Қылыш көшелерінде мұз құю жұмыстары аяқталуда. Бұл мұз алаңдары әр аудандағы үйлердің аулаларында орналасқан және барлық келушілерге тегін (өз конькиімен). Круглоозерное ауылында құйылған мұз алаңдары ауыл тұрғындары үшін ашық. Сонымен қатар «Мұз айдыны» спорт сарайы және жанында орналасқан хоккей қорапшасы қалалық мәдениет және демалыс саябағында, Тұңғыш Президент алаңы, Некрасов көшесініңбойындағы бассейн және Евразия туризм орталығында мұз айдындары келушілерге ашық. Аталған барлық мұз айдындарында коньки жалға беріледі. Бағасы ересектер үшін 1 сағатқа 500 теңге, балалар үшін жарты ақысы 200-250 теңгені құрайды.
Стеновик стадионында, Атамекен, Самал туризм орталықтарында және Светлячок, Романтика турбазаларында, сондай-ақ 12 ЖОББМ аулаларында мұз алаңдары ұйымдастырылып, өз жұмыстарын атқаратын болады.
Қала тұрығындары қалалық мәдениет және демалыс саябағы Шаған өзенінің оң жағалауы, Динамо мен Ет комбинаты ш/а Затон Чапаева (Жүнісов көшесі 10) базалары, Атамекен және Евразия туризм орталықтарында шаңғымен серуендей алады. Шаңғыны жалға алу құны 1 сағатына ересектер үшін 500-700 теңге, балалар үшін 200-400 теңгені құрайды.