
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 маусымдағы №155 қаулысы негізінде жоғары өрт қаупі кезеңінде арнайы шектеулер күшіне енді. Құжатқа сәйкес, ауа райы толық тұрақталғанға дейін, яғни температура төмендегенше, күн сайын сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін жеке тұлғалардың орманға баруына және демалуына, көлік құралдарының орман ішіне кіруіне қатаң тыйым салынады.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған және әкімдік қаулысының талаптарын елемеген азаматтар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 367-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.