Биыл Оралда жалпы ұзындығы 68 шақырым болатын 58 көшені жөндеу жоспарланған болатын.

Биыл Оралда жалпы ұзындығы 68 шақырым болатын 58 көшені жөндеу жоспарланған болатын.

Қаладағы жол жөндеу жұмыстары бойынша бірқатар нысандарды араладым. Жергілікті тұрғындармен жүздесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдадым.

Биыл Орал қаласында ұзындығы 68 км құрайтын 58 көшенің жолын жөндеу жоспарланған болатын. Біз ең бірінші кезекте асфальт мүлдем төселмеген көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Күні бүгінге нысандар бойынша жол жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілуде. 2021 жылға ауыспалы нысандар да бар. Яғни, оларды келесі жылы аяқтаймыз.

Біз маусым уақытында жол жөндеу жұмыстарының барысын ұдайы бақылауға алдық, тек техникалық қадағалаушылар емес, жол сапасы орталығы, қоғамдық мониторинг топтары үнемі бұл процесске тартылып келеді. Өкінішке орай, жұмыстың сапасына салғырт қарайтын мердігер компаниялар бар. Қалада тапсырыс беруші ретінде біздің де, техникалық қадағалау және сапасын бақылау мекемелерінің де көңілі толмайтын екі объект бар. Олар Құсайынов және Жақсығұлов көшелерінің жол жөндеу жұмыстары.

Мердігер компанияларға бір ғана талап қоямыз: барлық кемшіліктерді толықтай жойып, жолды жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтау. Талаптарымызды орындамаса, тиісті айыппұл санкцияларын қолданамыз. Қажет болған жағдайда, лицензияларынан айыруға шаралар қолданамыз.