ЖАҢА ҚАУЛЫҒА СӘЙКЕС, ЕНДІ ЖАБЫҚ БАЗАРЛАР, САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫ, ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР СЕНБІ КҮНДЕРІ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

ЖАҢА ҚАУЛЫҒА СӘЙКЕС, ЕНДІ ЖАБЫҚ БАЗАРЛАР, САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫ, ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР СЕНБІ КҮНДЕРІ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Облыстың Бас санитарлық дәрігері М. Арыспаевтың жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес БҚО аумағындағы карантиндік шараларға байланысты мынандай өзгерістер енгізілді.

✅ Жабық базарлар, сауда орталықтары сенбі күні ашық болады. Бірақ жексенбі күні және мерекелік күндерде жұмыс жасай алмайды;

✅Ашық базарлар сенбі және жексенбі күндері де жұмыс жасайды;

✅ Қоғамдық көліктер сенбі күні жұмыс жасап, жексенбі күні қозғалысына шектеу қойылады;

✅ Келесі аптадан бастап барлық санитарлық бекеттер алынады;

✅ Дәмхана және мейрамханалардың сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына рұқсат берілді;

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының мәліметінше, біздің облыс қазір сары аймақта.