Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кешенінің қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кешенінің қызметкерлерімен кездесті

Қала әкімі ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласында жемісті еңбек етіп жүрген жандарды өткен кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрметін білдірді.

- Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының маңызды салаларының бірі.
Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан тұрғындар үшін ауыл шаруашылығының, оның өнімдерінің маңызы зор. Ал сіздер қиындыққа қарамай, талмай еңбек етіп жатырсыздар, - деді.
Шаһар басшысы қазіргі таңда біздің өңірімізден шығатын өнімдер тек облыс көлемінде ғана емес, республикалық деңгейде де сұранысқа ие екенін атап өтті.
- Бұл - сіздердің үлкен еңбектеріңіздің арқасында. Осынау мерейлі мерекелеріңізде дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, баршаңызға толайым табыстар тілеймін, - деді Абат Абайұлы.

Шара барысында қала әкімі сала үздіктерінің басшыларын мерекелік алғыс хаттармен марапаттады.