
«Орал қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту» жобасы аясында 10–11 шілде күндері мердігер ұйым – «KCG» ЖШС вокзал аумағындағы жаяу жүргіншілер көпірінде асфальтобетон жабындысына жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Осыған байланысты көрсетілген күндері жаяу жүргіншілер көпірі арқылы қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз.