ОРАЛДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН «АҚ ЖАЙЫҚ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ОРАЛДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН «АҚ ЖАЙЫҚ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлымен бірге өңірлік инвестициялық штабтың көшпелі жиыны аясында Liberty Engineering компаниясы бастамашы болған «Ақ Жайық» сауда орталығының құрылысымен танысты. Кәсіпкер жобаға 3 млрд теңге жеке қаржысын құюды жоспарласа, бүгінге дейін 1,8 млрд теңге инвестиция салған.

Орал қаласындағы Д.Нұрпейісова мен М.Лермонтов көшелерінің қиылысында орналасқан төрт қабатты ғимаратта сауда нүктелері, бизнес орталықтары, кафетерий болады. Нысанның жалпы ауданы 16 мың шаршы метрді алып жатыр.

Қазір құрылыс қарқынды жүруде. Эскалатор, жеделсатылар жеткізіліп жатыр. Инвестициялық жоба жыл соңына дейін іске қосылады. Нәтижесінде 200-дей адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Облыс әкімі заманауи нысанның маңызын атап өтіп, атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалады.