
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ғ. Қараш көшесіндегі жөндеу жұмыстары 2026 жылғы 25 маусымда аяқталуы тиіс болатын.
Алайда қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты жөндеу жұмыстарының мерзімі 2026 жылғы 7 шілдеге дейін ұзартылды.
Осыған байланысты 2026 жылғы 7 шілдеге дейін күн сайын 09:00-ден 18:00-ге дейін аталған көше учаскесінде автомобиль жолы уақытша жабылып, автокөлік қозғалысына шектеу қойылатын болады.
Қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
«Жайықжылуқуат» АҚ әкімшілігі