Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – халық пен биліктің арасын жалғайтын, ел дамуының негізін қалайтын аса жауапты сала. Бұл – жоғары кәсібилікті, адалдықты, әділдік пен жауапкершілікті талап ететін абыройлы міндет.

Бүгінде Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, қаланың келбетін жақсарту және халыққа сапалы қызмет көрсету жолындағы жетістіктердің барлығы мемлекеттік қызметшілердің тынымсыз еңбегімен тікелей байланысты.

Сіздердің әрқайсыларыңыз күн сайын өз білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді ел игілігіне арнап, тұрғындардың сенімін ақтау жолында қызмет етіп келесіздер. Осы орайда қаламыздың өсіп-өркендеуіне қосып жүрген үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, тың бастамалар мен жаңа жетістіктер тілеймін. Елге қызмет ету жолындағы абыройларыңыз артып, мерейлеріңіз үстем болсын!

 

Орал қаласының әкімі         М.Байменов