5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күні

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күні

Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігі. Қоршаған ортаның тазалығы мен экологиялық қауіпсіздігі қоғамның тұрақты дамуының маңызды негізі болып табылады.

Бүгінде елімізде қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ел тұрғындарын табиғатты аялауға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және туған жерге жанашырлықпен қарауға үндеп келеді.

Табиғатты қорғау – бір күндік іс емес, ол күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, әрбір жиналған қоқыс және қоршаған ортаға деген жауапты көзқарас – еліміздің экологиялық болашағына қосылған үлес.

Барша экологтарды және табиғат жанашырларын кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Табиғатымыз таза, қоршаған ортамыз көркейе берсін!