
Ұлттық рух пен ат спортын жанына серік еткен шынайы көрермендер қауымы!
Сіздерді «Бабалар ізімен» облыстық лигасының ақтық мәресі — дүбірлі бәйгенің финалдық кезеңін тамашалауға шақырамыз!
Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен, Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі және БҚО Бәйге федерациясымен бірлесе өтетін бұл додада — өңіріміздің ең жүйрік тұлпарлары бақ сынайды.
Жарыс 2 мамыр күні, Орал қаласы, Зачаган кенті, “Ақжайық” атшабар алаңында өтеді.
Басталуы: 10:00