
Қаламыздың инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында 6-учаскеде, Жамбыл көшесі 215 мекенжайы бойынша жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталғанын хабарлаймыз.
Жоба аясында диаметрі 219 мм болатын жылу құбырлары жаңартылып, жалпы ұзындығы 35 метрді құрайтын желі толықтай қайта жөндеуден өтеді. Бұл жұмыстар алдағы жылыту маусымында жүйенің сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Атқарылып жатқан жұмыстар сіздердің жайлылықтарыңыз бен қауіпсіздіктеріңіз үшін жүргізілуде.
Ізгі ниетпен,
"Жайықжылуқуат АҚ"