
2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық аясында Орал қаласы, БҚО бойынша ТК-2-27-ден ТК-7-14-ке дейінгі ТМ-7 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты, 2026 жылғы 18 сәуір мен 20 мамыр аралығында құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне орай келесі көшеде автокөлік қозғалысы уақытша жабылады:
М. Жүнісова көшесі — Сарайшық көшесінен Т. Мәсин көшесіне дейін.
Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.