Орал қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Орал қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Іс-шара барысында қала тұрғындарының жайлы өмірін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген сала мамандарына, соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп-ұстау, абаттандыру, тазалық пен тәртіпті сақтау бағытында аянбай еңбек етіп жүрген пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиында Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев құттықтау сөз сөйлеп, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, тұрғын үй қорын күтіп-ұстауға, үйлердің инженерлік жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуіне және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Пәтер иелері кооперативтері қызметкерлерінің еңбегі – күнделікті өмірдің көрінбейтін, бірақ аса маңызды бөлігі. Олар тұрғын үйлердің тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қала өмірінің қалыпты тыныс-тіршілігін сақтауға үлкен үлес қосып келеді.

Мерекелік шара барысында өнерпаздар ән шырқап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қала өмірінің тұрақтылығы мен жайлылығына үлес қосып жүрген барша сала мамандарына алғыс білдіреміз. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!