Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

Наурызнама онкүндігі аясындағы Тазару күні – бұл тек қоршаған ортаны тазарту ғана емес, жаңарудың, жауапкершілік пен ортақ іске үлес қосудың белгісі.

Қыс мезгілінен кейін қаламызды ретке келтіріп, айналамызды тазартатын маңызды кезең.

Осыған орай, баршаңызды 23 наурыз қалалық сенбілікке белсенді қатысуға шақырамын.

Әр тұрғын өз ауласының маңын тазаласа, ал кәсіпкерлер өз нысандарының айналасын ретке келтірсе – Оралымыздың келбеті айтарлықтай жақсарады. Бұл – барлығымызға ортақ іс, ортақ жауапкершілік.

Тазалық – мәдениеттің айнасы. Ал Орал – біздің ортақ үйіміз.

Сүйікті қаламызды бірге одан әрі таза, көрікті әрі жайлы етейік!
Бірлігімізді нақты іспен көрсетейік!