
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері мен сұрақтары мұқият тыңдалып, әрбір көтерілген мәселе бойынша нақты түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, оларды шешу бағытындағы жоба-жоспарларға жеке-жеке тоқталып, барлық талап-тілектердің тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.
Қабылдауға келген кейбір тұрғындардың жедел шешуді қажет етпейтін мәселелері тиісті құзырлы бөлім басшыларына жүктелді. Қала әкімі тұрғындар көтерген барлық мәселелер өз бақылауында болатынын жеткізді.
Кездесу барысында аулаларды абаттандыру, кәсіп ашу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді өзекті мәселелер көтерілді.