Көпбалалы аналар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Көпбалалы аналар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 ақпандағы №1184 Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды.

Салтанатты шара барысында жеті және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 5 ана «Алтын алқа» иегері атанса, ал алты бала тәрбиелеген 9 ана «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.

Мемлекеттік наградаларды қала әкімінің орынбасары Арсен Зиннатұлы табыстап, аналарға құрмет көрсетіп, ізгі тілегін білдірді.

Ана – отбасының тірегі, қоғамның негізі. Осындай ардақты жандардың еңбегі әрдайым жоғары бағалауға лайық.