
Орал қаласында Наурыз мейрамына орай 20–22 наурыз аралығында бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
20 наурыз, 17:00
«Бабалар ізімен» ұлттық спорт лигасының ашылуы
«Жайық Арена» спорт кешені
22 наурыз, 10:00
«Қош келдің, Әз-Наурыз» атты мерекелік концерт
Мөңкеұлы тынымбағы
22 наурыз, 11:00
Ұлттық спорт түрлерінен қалалық көпшілік жарыс
Тұңғыш Президент алаңы
22 наурыз, 11:00
«Береке бастауы – Әз-Наурыз» театрландырылған мерекелік концерті және «Ұлыс оң болсын!» мерекелік думаны
Тұңғыш Президент алаңы
Сонымен қатар, мереке күндері қаладағы бірқатар сауда үйлерінің алдында да Наурыз мейрамына арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Барша қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік шараларға қатысуға шақырамыз!