
Сіздерді көктемнің жарқын жаршысы, халқымыздың көне дәстүрінен тамыр тартқан Көрісу күні – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасатын, өкпе-ренішті ұмытып, татулық пен сыйластықты нығайтатын ерекше күн. Ата-бабамыздан жеткен бұл игі дәстүр үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің, бауырмалдық пен бірліктің жарқын көрінісі болып табылады.
Осындай мәні терең мерекеде әр шаңыраққа амандық, құт-береке, ырыс пен молшылық тілеймін. Әр отбасында татулық пен түсіністік орнап, шаһарымыздың бірлігі мен берекесі арта берсін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Көрісу күні құтты болсын!