
Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және ел тұрғындары мен қонақтар үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.
Батыс Қазақстан облысында республикалық акция ірі сауда желілері мен сауда үйлерінің қатысуымен өтеді және осы кезеңде сатып алушыларға өздерінің арнайы жеңілдіктерін ұсынады.
Облыс бойынша акцияға 7 сауда үйлері («Alem Plaza» СҮ, «Московский» СҮ, «Премиум» СҮ, «Адал» СҮ, «Дом Быта» СҮ, «City Center» СОО, «Орал» ОСК) сонымен қатар, 65 сауда нысандары бар 8 сауда желілері қатысады («Оптомаркет» СЖ, «SetSail Food» СЖ, «Социальный» СЖ, «Дина» СЖ, «Алтындар» СЖ, «Пешеход» СЖ, «Анвар» СЖ және «Вега» супермаркеті).
Ұсынылатын жеңілдіктер мөлшері 5%-дан 50%-ға дейін.