Бүгін қала әкімі жерлесіміз, Оралдың мақтанышы — Абзал Әжіғалиевті қабылдады.

Бүгін қала әкімі жерлесіміз, Оралдың мақтанышы — Абзал Әжіғалиевті қабылдады.

Абзал Абайұлы – туған жердің намысын әлемдік аренада абыроймен қорғап жүрген қайсар спортшы. Оралдың Мұз сарайында басталған балалық арман бүгін төрт Олимпиада ойындарына ұласқан үлкен спорттық жолға айналды. Бұл – табандылықтың, тынымсыз еңбектің және Отанға деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.

Ол 2022 жылғы Олимпиада ойындарында 500 метр қашықтықта 4-орын алып, Қазақстан үшін тарихи нәтижеге қол жеткізсе, жуырда өткен Олимпиадада жартылай финалға дейін жетіп, ел үмітін ақтады. Әлем кубогы кезеңдеріндегі жүлделері мен халықаралық жарыстардағы табыстары – оның жоғары шеберлігінің дәлелі.

Кездесу барысында қала әкімі спортшыға шынайы ризашылығын білдірді. Осындай жігерлі, мақсатшыл азаматтар – жас буынға үлгі, қаламыздың абыройы екені атап өтілді.

Абзал Абайұлына мықты денсаулық, толайым табыс және жаңа жеңістер тілеймін!