Қала әкімі жуырда «Томирис» жасағының құрамында UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінде І орын иеленіп, ел намысын абыроймен қорғап қайтқан Құралай Қабырайқызын қабылдады.

Қала әкімі жуырда «Томирис» жасағының құрамында UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінде І орын иеленіп, ел намысын абыроймен қорғап қайтқан Құралай Қабырайқызын қабылдады.

Дубай қаласында өткен беделді жарыстағы бұл жеңіс – жоғары кәсіби дайындықтың, табандылық пен нағыз командалық рухтың айқын дәлелі. Халықаралық деңгейдегі мұндай жетістік – барша еліміз үшін зор мақтаныш.

Кездесу барысында қала әкімі Құралай Қабырайқызының жауынгерлік самбо мен қоян-қолтық ұрыстан республикалық және халықаралық жарыстарда қол жеткізген өзге де табыстарын атап өтті. Ол – өз ісінің білікті маманы ғана емес, ел намысын әлемдік аренада абыроймен қорғап жүрген нағыз патриот екені ерекше айтылды.

Ел абыройын асқақтатып жүргені үшін қала әкімі алғысын білдіріп, арнайы Алғыс хат табыстады және естелік сыйлық ұсынды.

Құралай Қабырайқызының жетістігі – өскелең ұрпаққа үлгі. Оның батылдығы мен қайсарлығы жастарымызды биік мақсаттарға жетелейді деген сенім білдірілді.

Құралай Қабырайқызына мықты денсаулық, жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!