«AMANAT» партиясы көппәтерлі тұрғын үйлер мәселесін шешуге арналған жаңа «TURGYNDAR AMANATY» жобасын бастады

«AMANAT» партиясы көппәтерлі тұрғын үйлер мәселесін шешуге арналған жаңа «TURGYNDAR AMANATY» жобасын бастады

Қала тұрғындарының жайлылығы, ең алдымен өз үйінің ауласынан басталады. Азаматтардың тұрғылықты жерін көркейту ісіне белсене қатысуы үшін «AMANAT» партиясы еліміз бойынша «TURGYNDAR AMANATY» жобасын іске қосуда. Бұл бастама қазақстандықтарға қолайлы әрі қауіпсіз ортаны бірлесе қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«TURGYNDAR AMANATY» жобасы қаланың тыныс-тіршілік ортасын заманауи, қауіпсіз әрі жайлы етуге бағытталған. Мұнда тұрғындар өз ауласын көркейту ісіне тікелей атсалыса алады. Жоба маңызды мақсатқа негізделген – тұрғындар мен Мүлік иелері бірлестігіне (МИБ) үй мен аула мәселелерін шешуде қолдау көрсету. Яғни инженерлік желілерді жаңарту, қызмет көрсету мен басқару сапасын арттыру, ортақ мүлікті жөндеу, шешімдер мен төлемдердің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ меншік иелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру сынды тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне бағытталған шараларды жүзеге асыру – жобаның басты назарында.

Аталған жоба аясында Батыс Қазақстан облысында пәтер иелерінің бірлестігі және пәтерлерді пайдаланушылар кооперативі қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған бірыңғай диалог алаңын қалыптастыру мақсатында «ҮЙДІ БАСҚАРУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК, СЕНІМ, НӘТИЖЕ» атты облыстық форум ұйымдастырылуы жоспарлануда.

Форумға дайындық барысын талқылау мақсатында арнайы жұмыс тобы бүгін өз жұмысын бастады. “AMANAT” партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі К.Төремұратов жиналысқа қатысушыларға жобаның маңыздылығын, атқаратын қызметі мен жүктелген міндеттемелерін айқындап өтті. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар өкілдері арнайы ұсыныстарын берді.