
2026 жылғы 27 қаңтар күні Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ-де қоғамдық көлік жүретін жолдардың қыс мезгіліндегі тазалығы бойынша жиналыс өтті.
Жиынға Мичурин ауылдық округі, Зашаған және Деркул кенттері әкім аппараттарының өкілдері, сондай-ақ «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС, «Алый Парус» ЖШС және «БатысДилижанс» ЖШС тасымалдаушы мекемелері қатысты.
Кездесу барысында қыс мезгілінде жолдардың уақытылы тазалануы, қоғамдық көліктің қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жауапты мекемелерге және кенттік округтерге нақты тапсырмалар берілді.