
Сарайшык көшесі мен Н. Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан ∅800 мм су құбырында болған апатқа байланысты төмендегі мекенжайлар бойынша салқын су беру уақытша тоқтатылды:
Ескалиев көшесі, Құрманғазы көшесі, Кердері көшесі, Покатилов көшесі, Исатай–Махамбет көшесі, Неусыпов көшесі.
Су құбырындағы апатты жоюдың болжамды уақыты: 27.01.2026 ж. сағат 11:00-ден бастап жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.