
Бүгін қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасына арналған қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Жиын барысында қала аумағындағы құқық бұзушылық профилактикасының жай-күйі қаралды. Алғашқы сөзді қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және алдын алу шараларын күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
Одан кейін Орал қалалық полиция басқармасының подполковнигі Бағдат Садыков қаладағы құқық тәртібінің ахуалы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ерболат Каримов баяндамасында әлеуметтік қолдау шараларының құқық бұзушылықтың алдын алудағы рөлі атап өтілді.
Келесі кезекте қала әкімі аппаратының бас инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы Айгүл Губайдулловна кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Талқылау қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі атап өтілді.