2026 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасы

2026 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасы

Орал қаласында 2026 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардан жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды.

Өтінім қабылдау мерзімі:
📅 2026 жылғы 19 қаңтар – 28 ақпан

Жобалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:
• аумақты көгалдандыру;
• тротуарлар мен жаяу жүргінші жолдарын салу және абаттандыру;
• пандустар, арықтар салу және жөндеу;
• саябақтар, скверлер, көшелер және басқа да қоғамдық орындарды салу, жөндеу және жарықтандыру;
• бордюр, брусчатка, тіреу қабырғаларын жөндеу;
• қоқыс үйінділерін жою;
• қоғамдық орындарға орындықтар, қоқыс жәшіктері, беседкалар орнату;
• балалар және спорт алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
• санитарлық жағдайды жақсарту.

Жобалық ұсыныстарға қойылатын негізгі талаптар:
• бір өтінім – бір нысан;
• нысан жалпы пайдаланымда болуы тиіс;
• қала тұрғындары үшін өзекті болуы;
• бір бюджеттік жыл ішінде іске асыру мүмкіндігі;
• жоба қала әкімдігінің құзыретіне сәйкес келуі тиіс.

📌 Өтінімдер Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтында қабылданады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk?lang=kk

Қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз!